384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бердібек Сапарбаев шымкенттік жастармен кездесті

  • 230
Бердібек Сапарбаев шымкенттік жастармен кездесті

«Шымкент – адалдық аланы» жобасы аясында мектептер мен емханалар басшыларының кабинеттері бірінші қабатқа көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мекеме директорларының жұмысын барынша ашық жүргізуге септігін тигізбек. Осындай жастар бастамасымен жүзеге асырылып жатқан стартап жобалардың қатарында воркаут қозғалысы да бар. Әзірге Шымкентте 7 воркаут алаңы құрылған. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бұл аздық етеді. Сондықтан жастарға арналған мұндай спорт алаңдарын көптеп ашу қажет. Бұл жайында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен кездесуде айтылды. Басқосуда жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, еріктілерге қолдау көрсету, жан-жақты білім алуға басымдық беру мәселелері көтерілді.

Бердібек Сапарбаев ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Биыл Жастар жылы аяқталып келеді. Оның қорытындысын шағарамыз. Біз қанша жастың кәсіп ашқанын, үйлі болғанын зерттеп, қарауымыз керек. Ең негізгісі, жастар жақсы білім алу керек. Ол білім халықаралық деңгейде болу қажет. Яғни оларға сұраныс болу керек.

Хабар 24 телеарнасы