410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 74 мыңнан астам адам тегін дәрі-дәрмекті уақтылы алып отыр

  • 400
  • UPD: 10:22, 25.10.2019
СҚО-да 74 мыңнан астам адам тегін дәрі-дәрмекті уақтылы алып отыр

Солтүстік Қазақстан облысында тегін дәрі-дәрмек тек науқастың өзіне ғана беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін азамат дәріханада жеке куәлігімен дәрігердің рецептін міндетті түрде көрсетуі қажет. Себебі биыл өңірде прокуратура қызметкері жүргізген арнайы тексеріс барысында бірқатар олқылықты анықтады. Салдарынан ақ халаттылармен препараттарды таратушылардың көбі өз құқықтарын қорғай алмай қалған. Сондықтан денсаулық сақтау басқармасындағылар осындай қадамға барып отыр. Жалпы бүгінгі күні өңірде 74 мыңнан астам адам мемлекет тарапынан берілетін тегін дәрі-дәрмекті уақытылы алып отыр. 

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Биыл өңірде тіркеуде тұрған науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін ел қазынасынан 5,3 млрд теңге қарастырылды. Бұған қосымша облыстық бюджеттен 125 миллион теңге қаржы тағы бөлінді. Негізінен препараттарды 100 мың адам алуы керек еді. Алайда бүгінгі күні оның 74 мыңы қамтамасыз етілуде. Қалғандары дәрігердің қаралуынан кейін рецептері өзгерді.

Хабар 24 телеарнасы