384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолада лауазымды полицей жемқорлық күдігіне ілінді

  • 177
Ақмолада лауазымды полицей жемқорлық күдігіне ілінді

Ақмола облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасарына қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол қылмыстық істер бойынша аудармашылар қызметіне ақы төлеуге бөлінген жалпы сомасы 479 мың теңге бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырды деген күдікке ілінді» – делінген хабарламада. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы