405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозиттік портфелі жыл басынан 100 млн теңгеге өсті

  • 518
  • UPD: 11:31, 25.10.2019
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозиттік портфелі жыл басынан 100 млн теңгеге өсті

Қазіргі таңда 1,4 млн қазақстандық отбасы өз жинақтарын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне сеніп тапсырып отыр, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Бұл отбасылар болашақта тиімді заемдар арқылы пәтер сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозиттерінде ақшаларын жинауда. Жалпы алғанда, олардың депозиттерінде 724 млрд теңгеден астам қаражат жиналды. Ал осы жылдың басында бұл көрсеткіш 624 млрд теңгені құраған болатын. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитте жатқан әрбір теңге –  салымшылардың болашақ үйіне деген арманының белгісі. Күн сайын қазақстандықтар баспаналы болу мақсатында өздеріне, балаларына, ата-аналары мен туыстарына депозиттер ашуда. Бүгінде ол өз нәтижесін берді. Жыл басынан бері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 36 000-нан астам заем берді. Егер сіздің де жақын арада өз пәтеріңізге немесе үйіңізге қол жеткізгіңіз келсе, онда депозит ашып, ақша жинауды бастаңыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозитті үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, кеңесшіні шақыру арқылы оңай ашуға болады. Ол үшін банк сайтындағы кеңесшілердің байланыс нөмірлерін табыңыз немесе дәл қазір https://hcsbk.kz/contacts/network-agents/ сілтемесіне өтіңіз.

Хабар 24 телеарнасы