385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: III кезеңге үміткерлерді анықтау жұмыстары жалғасуда

  • 216
  • UPD: 12:35, 25.10.2019

Елімізде басталған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңіне үміткерлерді анықтау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба жүзеге аса бастаған уақыттан бері оған 5 мыңнан аса адам қатысқан. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында алғашқы екі жылда жүзден жүйрік есімдер сапынан табылуға үміткер ретінде 75 адам ұсынылыпты. Олардың жас шамасы 30 бен 85-тің аралығында, арасында өңірде тұратын 7 этностың өкілдері бар. Әр салада ерекшеленген еңбек адамдары, қоғамда өзіндік болмыс-бітімімен дараланған тұлғаларды аймақ тұрғындары дауыс беру арқылы анықтайтын болады. 

Динара Болат, «Бюро 100» тобының мүшесі:

– Биыл жоба аясында «Бюро 100» деген арнайы топ құрдық. Бұл топ қоғам белсенділерінен тұрады. Қоғамның, елдің өсуіне үлес қосып жүрген жастармен кездесіп, бағдарлама маңызын түсіндіретін оралдық 2-3 адамды ұсыну үшін келдім.

Бақыт Ерасыл, спортшы, самбо күресінен жастар арасында әлем чемпионы:

– Спортта үлкен жетістіктерге қол жеткіздім. «100 жаңа есім» жобасына еніп жатсам, жауапкершілік артатынын түсініп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы