384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе – Алматы-1 пойызында сәби дүниеге келді

  • 162
  • UPD: 12:40, 25.10.2019
Ақтөбе – Алматы-1 пойызында сәби дүниеге келді

Кеше Ақтөбе-Алматы-1 бағытына жүретін №34/33 жолаушылар пойызы Шу қаласының шегіне жеткенде ерекше оқиға болды, деп хабарлайды temirzholy.kz

5-вагонда келе жатқан Алтынай есімді келіншек темір жол үстінде толғатып, жолсеріктер мен пойыздағы сапар шегіп бара жатқан жолаушы дәрігерлердің көмегімен аман есен босанды. Отар стансасына келгенде оларды жедел жәрдем көлігі тосып алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді. Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушы – дәрігер Евгений Колопилов пен акушер Бейбіткүл Құмғанбаеваға және де вагон жолсерігі Руслан Байекешов пен пойыз басшысы Сағынай Жүсіпке алғысын білдіреді.

«Айта кетсек, компанияға қарасты барша жолсерік әр уақытта алғашқы медициналық және штаттан тыс жағдай кезінде көмек көрсету оқу-тренингтерінен өтеді. Ұлттық тасымалдаушы ана мен балаға зор денсаулық тілейді!»,– делінген хабарламада.

Мұның алдында №91 Қызылорда – Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Тараз – Шу жол бөлігінде де нәресте дүниеге келгенін хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы