424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордадан Алматыға сексеуілді заңсыз тасыған жүк көлігі ұсталды

  • 655
  • UPD: 12:48, 25.10.2019
Қызылордадан Алматыға сексеуілді заңсыз тасыған жүк көлігі ұсталды АгроИнфо

Қызылордадан Алматы қаласына заңсыз сексеуіл тасыған жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық табиғат қорғау прокуратурасының мамандары «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының бойында «DAF» маркалы көлігін тексеру кезінде тіркемесіне 22 тонна сексеуіл тиелгенін анықтады. Көлік иелері ерекше қорғаудағы ағашты жасыру мақсатында тіркеменің ауызғы жағына қораптарды жинаған. Тергеу реттілігі бойынша іс қалалық Полиция басқармасына жолданды.

Хабар 24 телеарнасы