418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда жаңа әліпбиді жетілдіру мәселесі талқыланды

  • 462
Таразда жаңа әліпбиді жетілдіру мәселесі талқыланды

Таразда ғалымдар жаңа әліпбидің еміле, ережелерін меңгертудің тиімді жолдарын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіл мамандары әліпбиге көшу кезеңінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек деп санайды. Келесі айдан бастап бұл бағытта қаладағы жоғарғы оқу орындарында оқыту курстары басталады. Оған өңірдің 20 мыңға жуық мұғалімі тартылады деп күтілуде. Келешекте орта мектеп ұстаздарын да қамту көзделіп отыр. Семинар-кеңесте латын графикасы негізінде әліпбиді қолданудың тарихи тәжірибесі, бірыңғай стандартын енгізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар шараға қатысушылар еміле-ережелерде қарама-қайшылық туғызып отырған мәселелерді біріздендіру бойынша ұсыныс пікірлерін жеткізді.

Айша Түлекова, филология ғылымдарының магистрі:

– Мысалы, кейбір әріптердің бір-біріне ұқсастығы. Мысалы «І» әріпіне келсек «і» әрпі мен «и» әрпінің бас әріптері бір-біріне өте ұқсас, оларды айыру өте қиын. Соған байланысты қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тағы да диграфтар бар. Оларға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы