412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ТМД жастарының форумы өтті

  • 550
Шымкентте ТМД жастарының форумы өтті

ТМД елдерінің өкілдері Қазақстандағы Жастар жылы аясында өткен форумда бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шымкент қаласында өткен келелі жиынға жас кәсіпкерлер, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер, жас журналистер мен жаңа үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Еліміздегі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет көрші әрі бауырлас елдердегі жас буыны арасындағы өзара әрі мәдени байланыс нығаюы тиіс дегенді айтты.

Сондай-ақ форум шеңберінде «Ерікті болу - өмір салты», «Бизнес-блоггинг», «Әлеуметтік шынайылық» және «Шығармашылық шеберхана» тақырыбы бойынша пікір айтылып, ұсыныстар талқыланды.

Хабар 24 телеарнасы