427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бірнеше қоғамдық көлік кейбір аялдамаға уақытша тоқтамайды

  • 661
  • UPD: 13:26, 25.10.2019
Елордада бірнеше қоғамдық көлік кейбір аялдамаға уақытша тоқтамайды alrt.kz

Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше қоғамдық көлік аялдамаға тоқтау сызбасына уақытша өзгерістер енгізеді.

26 қазаннан бастап жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Жеңіс даңғылы мен Республика даңғылы арасындағы Кенесары көшесінің бойындағы кейбір аялдамалар арқылы жүретін автобустар жүрмейді. Бұл туралы «Astana LRT» хабарлады.

«Желтоқсан көшесі, «Астана» концерт залы, Республика даңғылы аялдамаларына тоқтайтын № 1, 9, 17, 23, 25, 31, 32, 105 автобус бағыттарының аялдауы уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 27 қазаннан бастап елордадағы №107 автобус бағдары тоқтайды.

Хабар 24 телеарнасы