429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық Дубайда лотереядан миллион доллар ұтып алды

  • 991
  • UPD: 14:26, 25.10.2019
Қазақстандық Дубайда лотереядан миллион доллар ұтып алды

Алайда ұйымдастырушылар сәтті билеттің иесіне хабарласа алмай отырғандарын жеткізді.

Қазақстандық Хуссейн Еремешев есімді азамат ойламаған жерден Dubai Duty Free дүкені ұтысқа тіккен бір миллион доллардың иесі атанды.

Бұл жаңалықпен  Gulfnews.com.басылымы бөлісті.

Еремешев билетті дүкеннің сайтынан сатып алған. Оның бағасы 272 доллар шамасында.

Қазақстандықтан бөлек 56 жастағы Үндістан тумасы олжаға кенелді. Камаласанан Надар Васу 30 жылдан бері Дубайда тұрады. Ер адам ұтып алған қомақты қаржыны қарызын жабуға, кәсібін дамытуға және демалуға жұмсамайтынын айтқан.

Айта кетейік, осыдан 4 жыл бұрын Омар Самаликов шет ел аумағында өткізілген лотереядан 1 миллион доллар ұтып алған еді.

Хабар 24 телеарнасы