447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдық полицейлер жол үстінде жүкті әйелді босандырып алды

  • 405
Жамбылдық полицейлер жол үстінде жүкті әйелді босандырып алды

Жамбылдық полицейлер қызметте әмбебап. Олар жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, акушерлік-гинекологиялық қызмет те көрсете алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары бұған арнайы дайындалып, бейімделген. Солардың қатарында Тимур Сейтімбетов пен Бақытжан Наурызбаев та бар. Жуырда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол үстінде жүкті әйелді босандырып алған еді. Оқиға «Алматы-Ташкент» бағытындағы тас жолда болған. Олар кезекті қызмет барысында Қордай асуында бұзылып тұрған көлікті байқап тоқтайды. Ішінде толғатқан келіншекті көріп, жолдасымен бірге көлікке отырғызады да, Қордай ауданына бет алады. Алайда жарты жолда әйелдің толғағы қысып, қызметтік көліктің салонында ұл дүниеге келді. Көп ұзамай, жедел жәрдем бригадасы келіп, ана мен баланы перзентханаға жеткізді.

Айта кету керек, мұндай жағдай өңірде биылдыққа екі рет тіркеліп отыр.

Тимур Сейтімбетов, полиция аға лейтенанты:

– Баланың салмағы төрт келі болды. Ерсұлтан есімін қойды. Хабарласып тұрдық.

Хабар 24 телеарнасы