447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алтын мен күміс бұйымдар қанша тұрады

  • 1163
  • UPD: 15:31, 25.10.2019
Елімізде алтын мен күміс бұйымдар қанша тұрады kyn.kz

Қазақстанда алтын бұйымдар 6%-ға, күміс 2%-ға қымбаттады, деп хабарлады energyprom.kz.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында зергерлік бұйымдар мен ұқсас бұйымдар өндірісі 529,1 млн теңгеге жетті (IFO - 97,1%), ал өткен жылдың осы кезеңінде өндіріс 507,8 млн.теңгені құрады.

Сонымен қатар осы жылдың қыркүйек айында алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың бағасы бір грамм үшін 16870 теңгеге дейін бір жыл ішінде 5,8% -ға өсті (бір жыл бұрын - 15938 теңге).

Алтыннан жасалған бұйырдардың 1 грамы Нұр-Сұлтанда 23707 теңге, Ақтауда 20285 теңге және Атырауда 19859 теңге тұрады.

Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар бағасының жоғарылауы Павлодарда (26,5%-ға өскен, бір грамм үшін 17491 теңгеге дейін), Алматыда (+ 19,6%-ға өскен, бір грамм үшін 15254 теңгеге дейін) және Шымкентте ( 17,3%-ға өскен, 15725 теңгеге дейін) қатты байқалады.

Күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың бір грамы 1482 теңгеден 1,509 теңгеге дейін 1,8%-ға қымбаттады.  Атырауда 2226 теңге, Нұр-Сұлтанда 1982 теңге және Алматыда 1948 теңге тұрады.

Хабар 24 телеарнасы