387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл қаласы қоқыс алаңына айналып барады – экологтар

  • 165
  • UPD: 21:09, 25.10.2019
Петропавл қаласы қоқыс алаңына айналып барады – экологтар

«Петропавл қаласы қоқысқа көміліп барады». Экологтар осылай деп дабыл қағып отыр.

Өйткені мамандар 5 аудан мен облыс орталығы аумағын ғарыш арқылы суретке түсіріп, қатты тұрмыстық қалдықтар тасталған 884 орынды анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың барлығын тұрғындар заңсыз өздеріне ыңғайлап жасап алған. Жауаптыларға талай мәрте ескерту де жасалды. Алайда, оған құлақ аспай, экологиялық талаптарды орындамаған жеті ауылдық округтің әкіміне жалпы сомасы 353 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Мұндай тексеріс жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Экология департаментінің қызметкерлері болашақта жағдай оңалмаса, аудан әкімі орынбасарларын да әкімшік жауапкершілікке тартуды көздеп отыр.

Азамат Бектасов, облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Бүгінгі күні осы Петропавл қаласында 80-нен астам осындай қоқыс үйінділері бар. Бірақ та оларды жою жұмыстары нашар жүріп жатыр. Бүгінде қаламызда 6 қоқыс үйіндісі жойылған. Міне, өзіміз көріп отырғандай, «Жұмысшы кентінде» осындай жұмыстар өткізіліп жатыр. Және де жұмысты нашар жүргізгені үшін біздің инспекторлармен 7 селолық әкімге айыппұл салынды және нұсқама берілді.

Хабар 24 телеарнасы