384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда бұқаралық спорттың дамуына бар мүмкіндік жасалып жатыр

  • 192
  • UPD: 20:56, 25.10.2019

Атырауда бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланы қақ жарып жатқан Жайық өзені жағалауына спорттық алаңдар салынып, мөлтек аудандардағы тұрғын үйлердің арасына дене шынықтыруға арналған қондырғылар орнатылды

Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер үшін де заман талабына сай спорт алаңдары қолдануға берілді. Кәсіби спортқа келер болсақ, мұнайлы өлкеде жыл сайын республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстар дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ресми деректерге жүгінсек, қазір өңір халқының 32%-і тұрақты түрде спортпен шұғылданады.

Атырау облысы бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған 16 спорт мектебі бар. Оған қоса онға жуық дене шынықтыру клубы жұмыс істеп тұр. Бұл нысандардың барлығы спортқа ынтасы бар балалар мен жасөспірімдерге тегін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар спорттық нысандардың қалың бұқараға қолжетімді болуы үшін көшелер мен аулаларға арнайы қондырғылар орнатылып жатыр.

Ринат Ибрагимов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Жақында ғана қаланың орталығында скейт алаң бой көтерді. Алдағы уақытта 8 street workout алаңы қайта жаңғыртылатын болады. Соңғы жылдары дәстүрлі Атырау марафондары, велошерулер мен көше спорт сайыстарына қатысушы халық саны жылдан жылға артуда.

Спорт саласы мемлекет тарапынан да қолдауды қажет етеді. Спортшылардың басқа облыстар мен шетелдердегі жарыстарға қатысуына да мүмкіндіктер қарастырылған. Болашағынан үміт күттіретін жас боксшы Айдар Рүстем алғашқы жаттығуларын ауладағы спорт клубынан бастаса, қазір кәсіби спортқа ауысып, қазақтың бүкіл әлемге танымал былғары қолғап шеберлерінің даңқты жолын жалғастырсам дейді.

Айдар Рүстем, боксшы:

- Мен он жасымнан бастап боксқа қатысып жүрмін. Біз күнде достарымызбен бріге жаттығуға келеміз. Осыдан бұрын ғана бірнеше жарыста бірінші орын алған болатынмын. Өз болашағымды осы боскпен елестетемін және өскең соң Олимпиада және әлем чемпионы болғым келеді.

Биыл жыл басынан бері облыста бір мыңнан астам спорттық шара өткізілді. Осы жарыстарға қатысқан жергілікті спортшылар 800 медальді қанжығаларына байлаған. Оған қоса, халықаралық додаларда да оза шауып жүлде алып жүрген споршылар жетерлік. Ұлттық спорттық ойын түрлеріне де соңғы жылдары баса мән берілетін болды.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы