376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 3 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

  • 266
  • UPD: 07:22, 26.10.2019
Жамбыл облысында 3 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Жамбыл облысында соңғы 4 күн ішінде үш мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелді.

Жүргізушілердің басым көпшілігі жол-қозғалыс ережесіне бағынбаған. Мысалы, осы апта ішінде 500-ден астамы жылдамдықты шамадан тыс асырды. Сонымен қатар қауіпсіздік белбеуін тақпай, рульде отырып, телефонмен сөйлескен 600-ге жуық азамат жауапқа тартылды. Аймақта әсіресе мас күйінде көлік жүргізу дерегі көбейіп отыр. Жыл басынан ішімдік ішіп рульге отырған 900-ге тарта жүргізуші ұсталып, жауапқа тартылды. Жол ережесін жаяу жүргіншілер де бұзған. Рұқсат етілмеген жерден өткен жүздеген тұрғынға ескерту беріліп, әкімшілік хаттама толтырылды. 

Роллан Қуанышбаев, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:

- Жолдың рұқсат етілмеген бөлігімен өткен жаяу жүргіншілерге қатысты да айыппұл салынып осындай жаяу жүргіншілерді ұсталып жатқан жағдай бар. Осы ОПМ-нің 4 күн ішінде 400-ге жуық жаяу жүргіншіге әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы жылдың басынан бері 110 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Хабар 24 телеарнасы