384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында туристік маңызы бар жол жаңартылып жатыр

  • 235
  • UPD: 07:56, 26.10.2019
Маңғыстау облысында туристік маңызы бар жол жаңартылып жатыр

Маңғыстау облысында туристік маңыздағы «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала» тас жолын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Мердігер мекеме құны 2,6 млрд теңгелік жобаны 2020 жылдың қараша айында қолданысқа бермек. Ұзындығы 29 шақырым көлік жолының бірінші қабатын тазартып, тегістеу жұмыстарының 70 проценті аяқтаған. Үстіне төрт күннен бері асфальт жабынды төселуде. Тәулігіне бір километрден астам жол салуға 12 арнайы техника мен отыздан астам жұмысшы тартылған. Барлығы жергілікті тұрғындар. Былтыр қаржы бөлінуімен «Жыңғылды-Шайыр» бағытындағы тас жолдың негізі дайындалған болатын. Биылғы жылы осы ауылдарды Шерқала тауына қосатын жолдың 10 шақырымына асфальт төселуі керек.

Аспантай Қаржаубаев, жол құрылысы учаскесінің басшысы:

- 4 километр 800 метрін қазір салдық, шама келгенше мына жолға қосамыз деген ойдамыз. Грейдер, погрузчигі сосын және 24 машина асфальт тасып тұр қазіргі уақытта. Екі ауысымда тек техника жүреді, ал жұмысшылар үшін бір ауысым, алты күндік.

Санақбай Тілегенов, Шайыр ауылының тұрғыны:

- Шайыр мен Көгездің арасында асфальт жолдың салынуына мен қазір өте қуанышты жағдайда тұрмын. 1-2 жыл бұрын осы жыл аяқталмай қалады-ау деген ойда болып едік. Мұның астына төселген жолдың өте сапалы екенін біз білеміз, көріп жүрміз. Енді асфальт салып жатыр. Рақмет, осындай жол жасап жатқандарға.

Хабар 24 телеарнасы