428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МӘМС мекемелерге қосымша қаржы келтіреді

  • 892
  • UPD: 12:14, 26.10.2019

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру- денсаулық сақтау мекемелеріне қосымша қаржы әкеледі. Сондай-ақ жаңа технологияны енгізуге септігін тигізеді.

Түркістан облысы тұрғындарымен өткен кездесуде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа жүйе туралы осылай деп пікір білдірді. Министрдің айтуынша өңірдегі   ауруханалар мен емханалар  цифрлық жүйеге көшіп, қағазсыз жұмыс істеп жатыр. Шалғай ауылдардағы мекемелерді қажетті мамандармен қамтамасыз ету, ана мен бала денсаулығын қорғау,  медициналық қызмет сапасын көтеруге қатысты мәселелер де басты назарға алынады. Айта кетейік, келесі жылдан бастап, дәрігерлердің еңбекақысы 30, ал медбикелердің жалақысы 20 процентке артады. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру халық мүддесіне жұмыс істейді. Оған дайындық шаралары да өз деңгейінде деді министр.  

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Техникалық дайындық біз қазір көріп отырмыз. Ауылдық және аудандық деңгейдегі ауруханалардағы Ордабасы және Отырар аудандарында интернет жоғары деңгейде жұмыс істеп жатыр. Бүкіл құжаттарды электрондық формада өткізеді. Тек қана қағазсыз жұмыс емес, мысалы интернет арқылы ренген снимоктарды цифрлық деңгейде облыстық ауруханаларға жіберіп сол жерден консультация алып отырады. Мұндай технология көп мемлекеттерде жоқ. Бұл осы ОСМС-қа медициналық сақтандыруды іске арналған мәселе.

Хабар 24 телеарнасы