433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің әскерилері Тәжікстандағы ҰҚШҰ елдерінің жаттығуларына қатысып жатыр

  • 720
  • UPD: 11:38, 26.10.2019
Еліміздің әскерилері Тәжікстандағы ҰҚШҰ елдерінің жаттығуларына қатысып жатыр

ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2019» бірлескен оқу-жаттығулары Тәжікстанда «Харб-Майдон» полигонында өтуде.

Бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысатын екінші кезең басталады. Қазақстаннан Құрлық әскерлерінің бөлімшелері, соның ішінде бітімгершілік ротасы, ӘҚК Әскери-әуе күштерінің барлығы 73 әскери қызметшісі, сондай-ақ орналасу әуеайлақтарынан оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын Су-30СМ жойғыш звеносы қатысады. Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері таулы-шөлді жерлерде бітімгершілік контингенттерін тағайындау жөніндегі міндеттерге дайындайды және бейбітшілікті қолдау бойынша бірлескен операция өткізеді. Практикалық іс-қимылдар барысында әскери қызметшілер жергілікті жерді патрульдеуді, бақылау-өткізу пункттерінде қызметті ұйымдастыруды, жеке құрамның колонналарды алып жүру кезіндегі іс-қимылын, елді мекенді оқшаулауды және жаппай тәртіпсіздіктерге қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді орындауды пысықтайды.

Қатысушылар бірлескен жұмыстың әдісі мен тәртібін зерттеді. Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы генерал-майор Вячеслав Гуров бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияны өткізуге ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің мандатын алды. «Мызғымас бауырластық-2019» бірлескен оқу-жаттығуы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлаудың 2019 жылға арналған бекітілген жоспары аясында өтуде.

Хабар 24 телеарнасы