425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы форумда венчурлы қаржыландыру нарығы талқыланды

  • 862
  • UPD: 15:41, 26.10.2019

Елордада венчурлы қаржыландыру нарығы, жаһандық технологиялық трендтер және корпоративті инновация мәселелері талқыланған QTV SESSION форумы өтті. Ауқымды шара Digital Bridge форумы аясында ұйымдастырылды. Оған қазақстандық және шетелдік сарапшылар мен венчурлық қор өкілдері қатысты.

Форумға Goh Yiping, Quest Ventures, ФРИИ сияқты әйгілі компаниялардың өкілдері арнайы келді. Сондай-ақ жиынға қазақстандық ірі инвесторлар да қатысып, көп көтеріле бермейтін тақырыптың бірі венчурлық қаржыландыру жөнінде ой бөлісті.    

Мұрат Әбдірахманов, инвестор:

- Мемлекетте ақша көп. Қаржы құюйға дайын инвесторлар да жеткілікті. Сондықтан экожүйені дамытып, жобаларды көбейту керек.

Бекқожа Мүслімов, Blue Wire Capital директоры:

- Соңғы 6 жылдың ішінде Еуропадағы венчурлық жүйе айтарлықтай дамыды. Қорлардың саны артып, АҚШ-тың, Азияның ауқымды нарықтарына ауыса бастады. Жалпы, даму қарқынды жүріп жатыр. 

Жиын барысында қазақстандық «КАзТех Венчурс» акционерлік қоғамы Сингапурдың беделді «Квест Венчурс» қорымен серіктестік жөнінде Меморандумға қол қойды. Бұдан бөлек, "Бәйтерек" холдингі, «КазТех Венчурс» және Таиландтың инновация агенттігі де ынтымақтастық бойынша келісімге келді.

Жандос Шаймарданов «QAZTECH VENTURES» АҚ Басқарма төрағасы:

- Біз үшін Оңтүстік-Шығыс Азия бағыты өте қызық. Бұдан бөлек Америка нарығын да бақылап отырмыз. Сондықтан алдағы уақытта халықаралық венчурлық қорлардың жұмысына араласамыз деп ойлаймын. 

Жиынның өтуіне мұрындық болған «КазТЕХ Венчурс» алдағы уақытта толыққанды нарық қалыптастырмақ. Сондай-ақ бірнеше қор құруды жоспарлап отыр. 

Авторы: Нұршапағат Несіпбаев

Хабар 24 телеарнасы