387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«100 жаңа есім» жобасының келесі кезеңі жастарға арналады

  • 257
  • UPD: 20:17, 26.10.2019

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір еліміздің әр түкпірінен жаңашыл, жан-жақты, білікті жастар іздестірілуде. Оған еріктілер жұмылдырылған. Ал егер сіз өзіңізді аталған тізімнен көргіңіз келсе, бірінші қарашаға дейін «100janaesim.ruh.kz» сайтына өтініш қалдыра аласыз. 5 қарашада онлайн дауыс беру басталады.

Үкібай Нұрпейісов, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры:

– Осы жылы «100 жаңа есім» жастарға арналады. 38 жасқа дейін егемендік алғалы біз 50 дамыған елдердің қатарына кірдік. Және мұнда жастардың еңбегі де бар. Осы жастарды іздеп, тауып, халыққа насихаттайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы