388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік тіркеу нөмірі бар автомобильдер жолда жүру ережесін көп бұзады

  • 142
  • UPD: 21:42, 26.10.2019

Бұған біздің елде тіркелмеген автокөлік иелерінің жауапсыздығы себеп болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар көбіне-көп Ресей және Армениядан әкелінген көліктер айыппұлдан құтылып кетеді деп ойлайды. Бірақ қазір мұндай автокөліктермен жұмыс күшейтілді. Бейресми деректерге қарағанда, қазір Атырау облысында 3 мыңға жуық Армения мен Грузиядан әкелінген көлік бар.

Атырау қаласы бойынша облыста ресми тіркелмеген көліктермен жұмыс істеу үшін «Ураган» арнайы іздеу жүйесі қондырғысы орнатылған екі патрульдік автокөлік күн сайын рейдке шығады. Бұл қондырғының ерекшелігі, төленбеген айыппұлы бар авкөліктерді тіркеу нөмірі арқылы сол жерде анықтап береді.   

Аслан Ғарифуллин, ЖПБ патрульдік полиция басқармасының өкілі:

– Шетелден келген автокөліктер Армения, Ресей, Қырғыз елінен келген автокөліктермен жұмыс істелуде. Яғни олар жол жүру ережесін бұзғандығы үшін, жылдамдық асырғаны үшін айыппұлдарын төлемеген. Қазіргі уақытта есеп бойынша күніне 15-18 шетел автокөлігі тұраққа қойылады.

Ереже бойынша шетелдік автолкөліктердің барлығы уақытша тіркеуге тұруы тиіс. Бұл онлайн жүйесі арқылы әрі тегін жүргізіледі. Ал салығын төлеп, қажетті құжаттары болса бірден отандық тіркеу номері беріледі. Атап айту қажет, әзірге шетелден көлік тасымалдауға тыйым салынып, қандай да бір шектеулер қойылған жоқ. 

Марат Забыхан, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ филиалы директорының орынбасары:

– Ресей және Беларусь елдерінен әкелінетін көліктерді де тіркеу жүргізіліп жатыр, бірақ дегенмен барлық құжаттарын түгендеп алып келуі керек. Қазір халық көп пайдаланып жүрген Армения елінен әкелініп жатқан көліктерді де тіркеу тәртібі құжаттарын түгелдеп алып келген соң жүргізіледі. Ол мемлекеттік баж салығын төлеуі керек. 

Полиция инспекторларының айтуынша, шетелдік нөмірлі атвокөлік иелерінің бір басында уақытында төленбеген 15 айыппұлға дейін кездеседі екен. Олардың көліктері қазір айыптұрағына тоғытылуда. Ақшасы төленісімен иесіне қайтарылады, ал кері жағдайда айыптұрақта айлап-жылдап тұруы да мүмкін.    

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы