384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда 45 бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

  • 227
  • UPD: 08:08, 27.10.2019
Таразда 45 бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

Таразда жастарды әскерге салтанатты шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға күздік шақыртуға алынған бозбалалардың ата-аналары, әскерилер мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Бұл жолы әскер қатарына өңірден 45 жігіт жіберілді. Олар ҚР Қарулы Күштерінің теңіз жаяу әскерлерінің құрамында Отан қорғайды. Сарбаздар Ақтау қаласындағы 25 744 әскери бөліміне аттанды. Айта кету керек, осы күзде облыстан 1500 жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге жіберіледі деп күтілуде.

Нұриддин Сайлау, Жас сарбаз:

– Әрбір жігіттің арманы деп ойлаймын. Әскерге барып нағыз жігіт болып  әрбір қиыншылықтарға, барлығына төзе білгендер жігіт деп ойлаймын. Қайта қуанам. Отаным үшін барлығына дайынмын. Отан қорғау үшін әскерге бара жатырмыз.

Ерлан Жабықбаев, Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы:

– Денсаулық, психологиялық жағынан жарамдысын қараймыз. Білім жағынан да қараймыз. Денсаулық жағынан жарамай қалып өте алмай қалғандар бар. 13-15 % аспайды. Бүгінгі уақытқа дейін біз 16 команда жібердік. Оның ішінде шекара қызметінен әскерге шақыруды біз жаптық.

Хабар 24 телеарнасы