388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің құрылғанына 10 жыл

  • 127
Биыл ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің құрылғанына 10 жыл

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің құрылғанына 10 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

2017 жылдан бері кеңес аясында «Дәуір және тұлға» халықаралық ғылыми-ағартушылық жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы кеңейтілген отырыста сөз болды. Кеңеске мүше ғалымдардың еңбегі зор. Ел бірлігін мығымдау, түрлі ұлт өкілдерінің тарихи негізін зерттеу, оны ұрпаққа жеткізу мақсат. Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтановтың айтуынша, кеңестің бұл бағыттағы жұмыстары Ассамблея құрылғалы жүргізіліп келеді.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты:

– Бізде конституциямызда дініне байланысты, түсіне байланысты, ұлтына байланысты бөлушілік жоқ деп жазылған. Барлық адам баласы тең. Біздің қоғамның өзінің жағдайын, экономикалық жағдайын қамтамасыз ету үшін елдің бірлігі керек. Елдің еңбегі керек.

Хабар 24 телеарнасы