385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында мас күйінде көлік тізгіндеушілер көбейіп кеткен

  • 167
Жамбыл облысында мас күйінде көлік тізгіндеушілер көбейіп кеткен

Жамбыл облысында 4 күн ішінде үш мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүргізушілердің басым көпшілігі жол-қозғалыс ережесіне бағынбаған. Мысалы, осы апта ішінде 500-ден астамы жылдамдықты шамадан тыс асырды. Сонымен қатар қауіпсіздік белбеуін тақпай, рөлде отырып, телефонмен сөйлескен 600-ге жуық азамат жауапқа тартылды. Аймақта әсіресе мас күйінде көлік жүргізу дерегі көбейген. Облыстық полиция департаменті мамандарының айтуынша, жыл басынан ішімдік ішіп рөлге отырған 900-ге тарта жүргізуші ұсталып, жазаланған. Жол ережесін жаяу жүргіншілер де бұзған. Рұқсат етілмеген жерден өткен жүздеген тұрғынға ескерту беріліп, әкімшілік хаттама толтырылды.

«Осы 4 күн ішінде 400-ге жуық жаяу жүргіншіге әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы жыл басынан бері 110 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзу фактілері анықталды», – дейді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Роллан Қуанышаев.

Хабар 24 телеарнасы