388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық көп балалы отбасы табыстың кілті күркетауықта деп біледі

  • 213
  • UPD: 14:00, 27.10.2019

Түркістан облысында тұратын көп балалы жас отбасы күркетауық өсіріп, табысқа кенелмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бәйдібек ауданы Алғабас ауылдық округіне қарасты Таңатар ауылының тұрғыны Ержан Құдайбергенов атаулы әлеуметтік көмек алып, өз кәсібін ашты. Мемлекеттен берілетін жәрдемақының жайын естіген отағасы ерте көктемде қабырғасымен кеңесе келе аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп, өтініш білдірген. Құдайбергеновтердің отбасына үй құстарын асырап, оны дамыту үшін 1 млн 300 теңге қаржы тағайындалған. Істің көзін таба білетін жігіт қолына түскен алғашқы 362 мың теңге қаржыға көршілес Сайрам ауданынан 80 бас үндік тауық сатып алған. Қазіргі таңда күркетауықтарын бағып-қағып, жем-шөбін уақытылы беріп отыр. Атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы бұйыртса үндік тауықтың басын әлі де көбейтіп, бұл кәсіпті одан әрі дамытуды көздеп отыр. Құдайбергеновтардың шаңырағында 6 жан бар. Жаңадан қолға алған кәсіпке кішкентай балалары да бейімделуде.

Жансая Шынықұлова, Бәйдібек ауданының тұрғыны:

– Үй құстарын алғанымыз, қораздарын бордақылап, етін сатамыз. Мекендерінің басын көбейтіп, бастырамыз. Басын 200 басқа жеткіземіз деген ойымыз бар. Бұны өріске балалар бағады. Осы екінші тоқсандағы қаржысына жем-шөп аламыз.

Хабар 24 телеарнасы