384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда бүгінгі күн талаптарына сай келетін өрт сөндіру депосы ашылды

  • 202
  • UPD: 19:36, 27.10.2019
Атырауда бүгінгі күн талаптарына сай келетін өрт сөндіру депосы ашылды

Атыраудағы жаңа мөлтек аудандар үшін бүгінгі заман сұранысына сай мамандандырылған өрт сөндіру депосы ашылды.

Жаңа нысанда енді қосымша 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Өрт сөндіру бөлімшесінің негізгі ғимаратынан бөлек 20 орындық тұрғынжай, оқу-жаттығу, спортпен шұғылдануға арналған нысандары да бар. Яғни мамандардың жұмысы мен демалыс уақытын тиімді өткізуге толық мүмкіндік жасалған. Жалпы, аймақ бойынша 12 өрт сөндіру бөлімшесі болса, соның үшеуі облыс орталығында. Бұған дейін өрт кезінде мамандар ірі кәсіпорындардың өрт сөндіру машиналарын көмекке шақырып келген еді. Сондықтан жаңа депоға бірден 13 арнайы техника бөлінді. Келер жылдан бастап аудан орталықтарында да осындай заман талабына сай өрт сөндіру бекеттері салынады.   

Абдулғапар Жұманов, өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің басшысы:

- Ішінде жатақханасы бар және 7 пәтері бар. Өз мүмкіндігіміз бар қызметкрелерімізді қамтамасыз етуге. Қосымша айта кетсек биыл жалақымыз өседі дегеннен кейін осы жеке құрамды толықтыруға ықпал етіп отыр. Неге десеңіз өрт сөндірушілердің жалақы 65 процентке өседі.

Хабар 24 телеарнасы