384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бала ұрламақшы болған тәрбиеші 6 жылға сотталды

  • 217
  • UPD: 12:35, 28.10.2019
Алматыда бала ұрламақшы болған тәрбиеші 6 жылға сотталды inform.kz

Алматыда балабақшадан бала ұрламақшы болған Саягүл Жаңалық 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Саягүл Жаналық ҚРҚК 24-бабы 3-тармағы (Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әрекет ету) және 125 бабы 2 тармағы (Адам ұрлау) бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сот отырсында Саягүл Жаңалық барлық кінәсін мойындады.

«Маған тағылған айыптармен толық келісемін. Істеген ісімді мойындаймын. Кінәлімін. Сол үшін қатты ұяламын», - деді сотталушы Саягүл Жаңалық.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы бұл шешімге 15 күн ішінде шағымдануға құқылы.

Естеріңізге сала кетейік,16 шілде күні Алматыда бет-әлпетін жасырған әйел балабақшадан бала ұрламақ болған. Алайда, жаман ойын іске асыра алмады. Кейін, 25 шілдеде күдікті әйел Алматы облысы Кеген ауданындағы ата-анасының үйінде ұсталды. 30 жастағы күдікті сол балабақшаның тәрбиешісі болып шықты.

Осы оқиғадан кейін, Алматы қалалық білім басқармасы мегаполистегі балабақшалар баланы туыстарына нотариалды куәландыратын сенімхатты көрсеткен кезде ғана алуына рұқсат етілетінін айтты.

Кейінірек, №96 бөбекжай-балабақашасының меңгерушісі Наталья Карасева, бала ұрламақ болған тәрбиешінің әлеуметтік жағдайы жаман емес, еңбекақысы басқа әріптестерімен салыстырғанда едәуір жоғары екенін жеткізді.



Хабар 24 телеарнасы