385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды

  • 167
  • UPD: 12:58, 28.10.2019
Синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасын әшкерелеп, бір адам тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

«2019 жылғы 24 қазанда жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде оның жұмыс істеуін ұйымдастырған Алматы қаласының тұрғыны «А» ұсталды. Зертхана жайында 2 кг жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде 2 мың дозаға жуық) және 526 литр прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді», - деліген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дайын психотропты заттарды сату «Telegram» және «VIPole» әлеуметтік мессенджерлеріндегі ғаламтор-дүкендері арқылы жүзеге асырылып келген.

Аталған факті бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына орналастырылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Іс-шаралар ұлттық қауіпсіздік органдары өткізіп жатқан арнайы операциясының заңдылығына қатаң қадағалау жасаған Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп жүзеге асырылды.

Хабар 24 телеарнасы