411,66 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы сүт зауыты Ресей нарығымен байланысын үзді

  • 456
  • UPD: 14:06, 28.10.2019

Бірлескен өндіріс орындарын көптеп ашу мәселесі шешілсе, Қазақстанның Ресеймен шекаралас өңірлерімен сауда айналымы артуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Орал сауда-өнеркәсіп палатасы сарапшыларының пікірі осыған саяды. Мұндай шешім Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграцияға да оң ықпалын тигізбек. Бұл үдеріс неғұрлым тез қарқын алса, отандық кәсіпкерлер соғұрлым көрші ел нарығында өздерін жайлы сезіне алады. Десек те, кейбір бизнес өкілдері ресейлік әріптестерімен байланыстарын үзіп үлгерген.

Бұл – Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі сүт зауыты. Кәсіпорын негізінен экспортқа бағдарланған. Ай сайын осы жерден көрші Қорған облысына 120 тоннадай өнім тасымалданатын. Алайда Ресей нарығымен байланыс биыл қыркүйек айында үзілді. Сол себепті «Қазақстанда жасалған» деген тауарлар жергілікті дүкендерде жоқтың қасы.  

Георгий Целых, сүт зауытының директоры:

– Ресей нарығынан 10 қыркүйектен бастап кететініміз туралы 10 тамызда ресми хатта көрсеттік. Мұндай шешімді қабылдауымызға теріс пиғылды бәсекелестік себеп.

Қазақстан мен Ресейде ашылатын арнайы сауда үйлері осындай проблемаларды реттеуге септігін тигізбек. Онда кәсіпкерлер тауарларын еш кедергісіз сатуға ие болады. Мұндай идея ресейлік-қазақстандық іскерлік кеңесінің отырысында айтылған. Егер жоба ойдағыдай іске асса, онда отандық өнімдер көрші мемлекеттің бірқатар өңірінде пайда болады. Есесіне ресейлік өндірушілер үшін де нарық кеңейеді.  

Данияр Сұлтан, тілші:

– Сарапшылардың сөзінше, осындай әдіспен қазақстандық тауарлардың беделін көтеру бизнестің дамуына жол ашады. Ал сатып өткізу мәселесі – бұл бөлек әңгіме. Осы тұрғыда қолдау ретінде қомақты мемлекеттік дотация қажет. Дегенмен экономистерге ең біріншіден жобаның пайдалы тұстарын есептеп алу маңызды.

Бүгінде Қазақстан мен Ресей нарығы барынша қорғалған. Әсіресе, қос тарап жоғары дәрежеде өңделген, яғни өздері жасай алатын тауарлар саудасын жүргізуді қаламайды. Сол себепті Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграция белең алып, сауда айналымы ұлғайған заманда бірлескен өндіріс орындарын ашу әлдеқайда тиімді дейді сарапшылар. 

Игорь Аристов, Оңтүстік Орал сауда-өнеркәсіп палатасының бірінші вице-президенті /Ресей/

– Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері үшін бизнесті жүргізудің бірыңғай және бәріне түсінікті нормалары енгізілгенше, тауар айналымының сапалы өсуі екіталай. Мысалы, екі жаққа мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысудың ұлттық нормалардан да жоғары тұратын ортақ тәртіп қажет. Міне, сонда тауар айналымының көрсеткіші артады.

Жалпы Челябі облысы мен Қазақстан – бұрыннан стратегиялық әріптес. Мысалы, өткен жылы біз шекаралас Ресей облысымен 2 млрд АҚШ долларына сауда-саттық жасаппыз. Бірақ көрсеткіштер 2014 жылдан бері өзгермеген. Сарапшылар бұл көріністі тұрақтылық, не тоқырау деп бағалап отыр.

Авторлары: Данияр Сұлтан, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы