386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде сауда үйінің еденіне құлпытас төселген

  • 223
  • UPD: 19:23, 28.10.2019
Өскеменде сауда үйінің еденіне құлпытас төселген

Өскемендегі сауда үйінің еденіне зираттағы құлпытастың төселгені әшкере болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еденінде адамдардың бейнесі қашалған сауда үйінің фото- видеосы әуелі әлеуметтік желіде тарады. Осыдан соң қала тұрғындарының бірі құрылыс материалы ретінде әкесінің қабірінен алынған құлпытасты пайдаланғанын көргенде жағасын ұстаған. Айтуынша әкесі 15 жыл бұрын қайтыс болып, қала шетіндегі зиратқа жерленген. Сурет ескірген соң туыстары 2014- жылы реставрациялауға береді. Алайда суретші құлыптасты қалыпқа келтіруге жарамайтынын айтып, жаңасын жасауды ұсынады. Ескі тасты қайта өңдеп, фотосуретті жоюға уәде еткен. Бірақ олай болмай шықты. Ал сауда үйінің иесі жөндеу жұмысын жүргізіген құрылыс компаниясын айыптап отыр. Дәл құрылыс жұмыстары кезінде еденнің бәрі шаң-топырақ болғандықтан ештеңе байқалмаған. Кейін бәрі анықталған соң, суреттерді қырып тастаған. Дегенмен қалалық полиция басқармасы көпшілік арасында дау тудырған бұл мәселеге байланысты қылмыстық іс қозғады.

Жасұлан Игісінов, қалалық полиция басқармасы тергеу бөлімінің бөлімше бастығы:

– ҚР-ның ҚК 294-бабына сәйкес вандализм бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Осы біздің Өскемен қаласының бір тұрғынынан арыз түскен. Сол қылмыстық іс бойынша жоспарланған тергеу әрекеттеріне байланысты сұрақтар мен жауаптар полиция бөліміне кісілерді шақырып жауап алынуда. Ары қарай процессуалдық шешім қабылданып сотқа жөнелтіледі.

Хабар 24 телеарнасы