385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қасқыр атуға рұқсат берілді

  • 194
  • UPD: 19:23, 28.10.2019
ШҚО-да қасқыр атуға рұқсат берілді

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында қасқыр атуға рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс басшылығы Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Ахметбұлақ ауылында жыртқыштар 80 қойды жарып кеткеннен кейін осындай шешім қабылдаған. Түз тағысы шабуылының көбеюі мал шаруашылығымен айналысатындарды алаңдатып отыр. Ауыл тұрғындары биліктен арнайы шара қолдануды сұрады. Тұрғындар қасқыр тек жануарларға ғана емес, адамдарға да шабуыл жасайды ма деп қорқады. Биыл барлығы 170 бас ұсақ және ірі қара мал жыртқыштардың жемтігіне айналыпты.

Хабар 24 телеарнасы