384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 137 бағдаршам интеллектуалды көлік жүйесіне қосылды

  • 229
  • UPD: 23:40, 28.10.2019
Елордада 137 бағдаршам интеллектуалды көлік жүйесіне қосылды

Интеллектуалды көлік жүйесіне елордадағы 504 бағдаршам нысанының 137-і қосылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге салсақ, астанадағы интеллектуалды көлік жүйесі 2015 жылы таныстырылған болатын.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан жолдарының 5 пайызы интеллектуалдық көлік жүйесімен қамтылған. Қазір жобаның үшінші кезеңін жобалау жұмысы аяқталып жатыр. 2020 жылдан бастап қалған жол қиылыстарын жаңғырту көзделіп отыр, ол –118 бағдаршам.

Айта кетсек, бұл жүйе қалалық трафиктің проблемасын толығымен шеше алмайды. Мәселені шешу үшін кіші көлік айналымының құрылысын аяқтау керек. Ол көлік қозғалысын үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәңгілік ел даңғылына балама ретінде Тәуелсіздік даңғылы құрылысының жалғасын аяқтау керек.

«Сол жағалау толығымен интеллектуалдық жүйеге қосылған, алайда мұнда көлік коллапсы жиі болып тұрады. Бірінші кезекте тұйық көшелер мен негізгі магистральдарды өткізу керек. Тіпті, көптен күткен Асан қайғы көшесінің құрылысы мәселені шеше алмайды. Өйткені ол тәжірибе жүзінде Уәлиханов көшесін қайталап отыр. Кептелістер Кравцов көшесінен басталып, Таха Хусейн көшесіне тіреледі. Одан Тәшенов көшесінен сол жағалауға Мәңгілік ел даңғылына тіреледі. Әрі қарай көлік жүре алмайды. Сол жерде кептелістер басталады», – деді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының басшысы Нұрлан Солтамбеков.

Хабар 24 телеарнасы