419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ. Тоқаев Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пәтер кілтін табыс етеді

  • 580
  • UPD: 09:49, 29.10.2019
Қ. Тоқаев Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пәтер кілтін табыс етеді tengrinews

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында бүгін «Жаңа Алматы» бағдарламасының тұсаукесерімен танысады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

«Президент «Балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады. Сонымен қатар «Tech Garden» инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болады»,- деп жазды Берік Уәли.

Ал жұмыс сапарының екінші күнінде Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесу өткізбек.

Бүгін Мемлекет басшысы Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапарымен барды.

Хабар 24 телеарнасы