384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дубайда комаға түскен қазақстандық бала елге жеткізілді

  • 216
  • UPD: 13:00, 29.10.2019
Дубайда комаға түскен қазақстандық бала елге жеткізілді

Биылғы жылдың қазан айында ҚР Сыртқы істер министрлігіне Дубай қаласының клиникасында жасанды тыныс алу аппаратына қосылған баланы әуе көлігімен елге жеткізуге көмек сұраған азамат өтініш білдірген.

Ведомство бұл жұмысты ұйымдастырып, бүгін кішкентай пациент елге жеткізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына сілтеме жасап.

Дубай қаласына демалуға келген 2017 жылы туған бала 15 қазан күні ес-түссіз бассейннен табылған. Оқиға орнына дереу арада жедел жәрдем шақырылып, пациент емханаға жеткізілді. Шетелдік дәрігерлердің мәлімдеуінше баланың жағдайы аса ауыр болған, ол 3 деңгейлі комаға түскен.  

«Ол жақта медициналық комиссия пациенттің жағдайын тексеріп, оны әуе көлігімен тасымалдауға болатыны туралы ұйғарым жасады. Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы бірлесе отырып, пацентті отанына жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды», – деп көрсетті аталған орталық.

Хабар 24 телеарнасы