422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда әлеуметтік нан арзандады

  • 656
  • UPD: 14:07, 29.10.2019

Ертіс өңіріндегі шудан соң әлеуметтік нан бағасы арзандады. Облыстағы нан-тоқаш нарығындағы ең ірі комбинат тау-нанның бір бөлкесін 95 теңгеге төмендетіп, сатылымға шығарды.

Бұл туралы кәсіпорын басшылығы мәлімдеді. Қазіргі уақытта ұн тасымалдаушы ұйым өнімнің бір келісінің бағасын 95 теңге көлемінде сақтап, тәуліктік сұранысты толық өтеп тұр. Бүгінде комбинаттың бірінші сұрыпқа деген қажеттілігі 10 тоннаны құрайды.

Еске салсақ, екі апта бұрын бір бөлке нанның бағасы бірден 110 теңгеге шарықтап кеткен еді. Кәсіпорын басшылығы нан бағасының қымбаттауын ұн бағасының өсуімен байланыстырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы