427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кубада зәру заттар шетел валютасына сатылып жатыр

  • 583
  • UPD: 15:02, 29.10.2019
Кубада зәру заттар шетел валютасына сатылып жатыр

Кубаның Гавана қаласындағы мемлекеттік дүкендерінде импорттық тауарлар шетел валютасына жеңілдікпен саудалана бастады.

Үкіметтің жаңа бағдарламасы бойынша, ел тұрғындары  техникалық және өзге де тауар түрлерін ұлттық песо немесе тағы 10 шетелдің валютасы арқылы сатып ала алады. Осыған орай тұрғындар ұзын сонар кезекте тұр. Бұған дейін кубалықтар тауар алу үшін  қара нарық арқылы не болмаса, шекара асып алатын. Статистикаға сәйкес, жыл сайын кубалықтар өзге елдерде шамамен 2 млрд доллар қаражат жұмсайтын. Енді аралдан тұрақты валютаның жылыстануын тоқтату үшін жергілікті билік осындай қадамға барып отыр.

Хабар 24 телеарнасы