384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық полиция есірткі жұтып өлмек болған әйелді құтқарып қалды

  • 145
  • UPD: 15:40, 29.10.2019

Ертіс өңірінің есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметінің мамандары күдікті азаматшаның өміріне араша түсті. Осы айдың басында полицейлер есірткі каналының жолын кесу мақсатынд, арнайы операция жүргізді. Тінту барысында күдікті есірткіні жұтып жіберіп, өмірімен қош айтыспақ болған. Абырой болғанда, әйел аман қалды.

Рио есімді қызметтік ит жүтелген тапсырманы мінсіз атқарды. Төрт аяқты төбет бұған дейін де өз міндетін мүдірмей орындап келген. Иісшіл ит героин есірткісін іздеудің шебері.

Талғат Әубәкіров, кинолог:

- Героиннің спецификалық иісі бар. Оны уксустың иісімен салыстыруға болады. Ол есірткілер  ішіндегі иісі қатты өнім болып келеді. 

Есірткі арнасының жолын кесу операциясы осы жылдың басында әзірленген. Бұған дейін адамдар тобы есірткі сатумен айналысқаны анықталды. Бірақ, негізгі қойманың қайда екенін білмеген. Оны табу үшін үш мекенжай тексерілді. Олардың бірінде күдіктілер қолда бар есірткімен ұсталды. 

Қуат Түсіпбеков, облыстық ПД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығының орынбасары:

- Азаматша заттай айғақтарды жұтып қою арқылы жоймақшы болған. Бес грамм героинді жұтып қойса, соңы өлімге ұласар еді. Біз бұған жол бермедік. 

Бұл операцияға Рио да қатысты. Иісшіл ит есірткі оралған үш түйіншікті тапты. Кейін сараптама жүргізіліп, заттың есірткі екені анықталды. Қазіргі таңда мамандар оның қайдан әкелінгенін және әзірленгенін анықтап жатыр. 

Данияр Рамазанов, қалалық полиция басқармасының тергеушісі:

- Қазіргі таңда күдікті уақытша қамау изоляторында. Тиісті кешенді шаралар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Есірткінің қай жерде жасалғанын анықтау міндеті тұр. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бүгінде героиннің қызыған саудасы артта қалды. Оңай олжа тапқысы келетінде синтетикалық есірткімен айналысуға ден қойған. Өнім көбінесе интернет ресурстарда саудаланады. Ал осындай қылмыстардың бетін ашу аса күрделі іс.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы