431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дін экстремистері әлеуметтік желі арқылы аңғал жастарды арбап жатыр

  • 1335
  • UPD: 15:50, 29.10.2019

Діни экстремизимнің алдын алу үшін жастардың діни сауатын жетілдіру керек. Дұрыс бағыт-бағдар беріп, дәстүрлі дінімізді кеңінен насихаттауымыз қажет. Осы мақсатта Қарағандыда дін істері жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен екі күндік семинар өтті.

Дін істері жөніндегі комитеттің мәліметінше, экстремистік және террорлық 22 топқа Қазақстан аумағында тыйым салынған. Дегенмен, олар әлеуметтік желі арқылы аңғал жастарды арбауын тоқтатар емес. Сондықтан жат ағыммен күрестің ең тиімді жолы жастардың діни сауатын жетілдіру. Екі күндік семинарда мамандар студенттерге түрлі ақпаратты талдауды үйретті. 

Уәлихан Тұрарбекұлы, жастар көшбасшысы:

- Бірнішіден, кез-келген ақпаратты тексеру, оның түп негізін көре білу, қайдан шыққанын, қайнар көзін анықтай білуді үйретеміз. Себебі қазір жастардың адасуы ол ақпаратты нақты білмеуінен болып табылады. Экстремистік көзқарастарды сейілту үшін біз бір-бірімізге деген жақсы достық, ынтымақтастық сезімдерді жастардың бойында нығайту керекпіз деп ойлаймын.

Семинар әзірге еліміздің ең ірі 5 қаласында өткізіліп жатыр. Мамандар шамамен 10 мыңға жуық адамды қамтимыз деп отыр. Ал алдағы жылы өзге де өңірлерде ұйымдастырылмақ. Игі шара жастардың жат ағымның жетегінде кетпеуіне көп септігін тигізеді, - дейді студенттер. 

Сәбина Жұмажанова, Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті:

- Бұл бізге жалпы болашақта осы дін жөнінде, басқа да елімізде болып жатқан маңызды мәселелердің дұрыстығын немесе бұрыстығын ажыратуға көмектеседі деп ойлаймын. Осындай семинар-тренингтер көп өткізілетін болса қазақстандықтардың дін жөніндегі сауаттылығы арта түседі деген ойдамын.

Бұл күні семинарға қатысушылар діни экстремизмге қарсы флеш-моб өткізді. Сондай-ақ жас көшбасшылар арасында республикалық байқау жарияланды. Жеңімпаздар жуырда «Әлеуметтік желідегі үздік жазба», «Діни экстремизмге қарсы үздік шара» және «Еріктілер қозғалысын үздік ұйымдастырушы» аталымдары бойынша марапатталмақ.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы