375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысты сот ісі қаралып жатыр

  • 262
Қарағандыда адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысты сот ісі қаралып жатыр

Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында болған жаппай төбелеске қатысты сот ісі мәресіне жақындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Прокурор қаза болған адамды пышақтап өлтірді деп айыпталған азаматты 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Әйтсе де, басты айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр. Оның айтуынша, тергеушілер марқұмды төбелеске қатысқандардың қайсысы өлтіргенін анықтамаған. Дегенмен оның пышағынан марқұмның қан іздері табылған. Зардап шеккен отбасы сотта одан моральдық өтемақы ретінде 30 миллион теңге талап етті. Бұзақылық бабы бойынша айыпталған басқа11 сотталушыға прокурор 6 жылдан беруді сұрады. Ал төбелестен соң қашып кетіп, Ресейде ұсталған тағы бір күдікті экстрадициялауды күтіп отыр.

Естеріңізге салсақ, «Древний Рим» мейрамханасындағы жаппай төбелес өткен жылдың 31 желтоқсанында болған. Ол кезде осы 13 сотталушы бір топ адамды соққыға жыққан. Оларға көмекке келген 23 жастағы жігіт пышақталып, оқиға орнында көз жұмған еді.

Хабар 24 телеарнасы