421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лотерея саласында қандай өзгерістер болып жатыр

  • 744
  • UPD: 17:43, 29.10.2019

Лотерея нарығындағы бірыңғай оператор «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамының 2018 жылғы айналымы 2,6 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Сарапшылардың есебінше, бұл көрсеткіш 2016 жылғы лотерея нарығындағы жылдық айналымнан асып түскен. Ал «Сәтті Жұлдыздың» биылғы 9 айда лотерея саласындағы айналымы 4 миллиард теңгеге жетіп отыр.

2016 жылы елімізде «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заң қабылданды. Ал 2017 жылдың ақпанында бірыңғай лотерея операторы таңдалды. Іріктеуге 9 компания қатысты. Үкіметтің қаулысына сәйкес «Сәтті Жұлдыз» АҚ лотерея операторы болып сайланды. Биыл компанияның өнім портфелінде негізгі 4 тираждық және 4 лездік ойындар бар.

Александр Тен, «Сәтті Жұлдыз» АҚ президенті:

– Лотерея саласында бүгінде 5000-ға жуық қазақстандық жұмыс істейді. Соның ішінде шағын және орта бизнес иелері де бар. Кәсіпкерлер үшін бастапқы инвестицияны талап етпейтін барынша қолайлы жағдайлар жасалды.

2018 жылғы маңызды оқиғалардың бірі - Алматы және Павлодар қалаларында «Қазақтелеком» компаниясының екі бірдей деректер орталығында лотерея туралы есеп беру кеңсесі және лотерея туралы ақпаратты өңдеу орталығы іске қосылды. Осы сәттен бастап лотерея саласындағы барлық қатысушылар үшін нарық айқын болды. Бірақ саланы дамытуға кедергі болып тұрған бір жайт бар, дейді мамандар.

Александр Мухин, Қазақстанның лотереялар одағының атқарушы директоры:

– Лотерея қызметіне салынған қосымша құн салығы біздің елде лотерея саласын дамытуға кедергісін тигізіп тұр. Себебі салық көлемі үлкен. Тиісінше осы бағытта жұмыс істеп жатқан бизнес өкілдеріне тиімсіз.

Атап өтейік, елімізде лотерея қызметі үшін 2018 жылдың бірінші қаңтарында қосымша құн салығы енгізілді. Әлемдік нарықта мұндай жоқ. Себебі компаниялар әлеуметтік мәселелерге қаржылай қолдау көрсетеді. Мәселен, «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамы әр тоқсандағы табысының 15 процентін отандық спорттың дамуына жұмсап отырады. Бір ғана мысал, ұлттық лотерея операторы спортты дамытуға 286 миллион теңгеден аса қаражат бөлген. 

Авторлары: Қорған Төреқожа, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы