427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Ә.Кенжеғұлов «Айбын» орденімен марапатталды

  • 967
Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Ә.Кенжеғұлов «Айбын» орденімен марапатталды

Мемлекет басшысы Ә.Ш.Кенжеғұловты қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Айбын» орденімен марапаттады.

Ә.Ш.Кенжеғұловты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің  «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм).
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қ.Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Браконьерлерді ұстау кезінде инспектор қайтыс болды

Хабар 24 телеарнасы