388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулықтар өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алып отыр

  • 109
Атыраулықтар өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алып отыр

Атырау облысында 1325 адам жаппай кәсіпкерлікке баулу бағдарламасы бойынша арнайы дайындықтан өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 305-і осы бағдарлама бойынша қаражат алып, өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алып отыр. Аталған мақсатқа 1 млрд 200 млн теңге қаралған болатын. Бұл – бизнес әлеміне алғаш қадам басқан талапкерлер үшін үлкен қолдау. Талапкерлердің қатарында алыс ауылдардың тұрғындары да бар. Соның ішінде тек жастар үшін 75 млн теңге бөлінді. Оның 25 проценті ауыл шаруашылығы жобаларына бөлінсе, тағы 17 проценті сауда-саттық жән сервистік қызмет көрсету салаларына арналып отыр.

Хабар 24 телеарнасы