376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да ауылшаруашылығымен айналысуға жер жетеді

  • 253
  • UPD: 07:58, 30.10.2019
БҚО-да ауылшаруашылығымен айналысуға жер жетеді

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында 300 мың гектарға жуық жер учаскесі пайдаланылмай бос жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Дегенмен, ауылшаруашылық саласын дамытуға қолайлы аймақта олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік мол»,- дейді сала мамандары. Биыл аудан диқандары 13 мың гектар аумаққа дәнді-дақылдар егіп, 6 мың тоннаға тарта өнім жинады. Дегенмен, соңғы жылдары аудан шаруашылықтарының дені ата кәсіпке бет бұра бастаған. Шаруашылықтардың бағымындағы мүйізді ірі қара саны 34 мыңға жетті. Жыл басынан бері ауданда жаңадан 20 шаруа қожалығы құрылып, оларға жалпы көлемі 13 мың гектар жер беріліпті.

Ержан Тұрмағамбетов, Шыңғырлау ауданының әкімі:

– Шаруамен айналысамын деген шаруа қожалықтарын, жалпы сондай азаматтарды біз Шыңғырлау ауданына шақырамыз. Себебі Шыңғарлау ауданында шөптің шығуы жақсы, жалпы сумен қамтылған, тау өзектері көп, сондықтан қолайлы деп есептейміз. Келіп ауданға шаруа жасауға барлық негіз бар. Логистикамыз бар, теміржолымыз бар, тас жолдарымыз бар, мына Ақтөбе, БҚО шығыс жолдары ыңғайлы.

Хабар 24 телеарнасы