384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында МЖӘ негізінде үш жоба жүзеге асырылмақ

  • 226
  • UPD: 07:59, 30.10.2019
Павлодар облысында МЖӘ негізінде үш жоба жүзеге асырылмақ

Денсаулық сақтау саласында толыққанды педиатриялық стационарлы кластер құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақтырақ айтқанда, облыстық балалар ауруханасы базасында келер жылы қабылдау-диагностикалық корпусының құрылысы басталады. Бұл бірыңғай қабылдау бөлімін құруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, қалалық аурухана жанынан халықаралық стандартқа сай қабылдау бөлімі ашылады. Бұған 2 млрд. 850 млн.теңге жұмсалады деп күтілуде. Жоба шеңберінде шұғыл операциялық және интенсивті терапия бөлімшелерінің жұмысы ұйымдастырылады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасына заманауи диагностикалық құрылғылар сатып алынады.

Ардақ Күзеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Ауруханалар үшін заманауи қабылдау-диагностикалық корпустар құрылады. Осылайша, пациенттерге қолайлы жағдай жасалады. Оның ішінде шұғыл медициналық көмек те көрсетіледі. Бұл өлім-жітім көрсеткішін төмендетіп, азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттырары сөзсіз.

Өлім-жітіммен көрсеткішін азайту медицина саласы өкілдерінің басты мақсаты. Өндірісті аймақта соңғы жылдары инсульттен көз жұматындардың саны көбейген. Жағдайды жақсарту үшін емдеу мекемелері желісінің құрылымына өзгеріс енгізілмек. Нақтырақ айтқанда, үшінші қалалық аурухана кардиологиялық орталықпен біріктіріледі. Осылайша, жүрек талмасына душар болған азаматтарды оңалту ісі жетілдірілмек. Бұл үрдістің экономикалық тиімділігі де орасан. Нәтижесінде 370 млн. теңгеге үнем болмақ.

Хабар 24 телеарнасы