412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде медициналық университеттер жанынан емханалар ашылуы мүмкін

  • 624
  • UPD: 09:29, 30.10.2019
Елімізде медициналық университеттер жанынан емханалар ашылуы мүмкін

Денсаулық сақтау мекемелері мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің арқасында шетелдік инвесторлардың қаржысына бой көтереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге екі жобаны Алматы мен Қарағанды қалаларындағы жоғары оқу орындары маңынан жүзеге асыру қарастырылып жатыр. Бұл медициналық мекемелер 600 орынға шақталмақ. Қазіргі уақытта инвесторды анықтау үшін байқауға дайындық жұмыстары пысықталуда. Жалпы соңғы 4 жылда елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 600-ден астам келісім-шарт жасалғанын да айтып кету керек.

Назым Мамалинова, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы:

– Бұл жобаның халық үшін шарапаты мол. Біріншіден, азаматтар медициналық қызметтерді қолжетімді бағамен ала алады. Екіншіден, университет студенттері тәжірибе алып, кәсіби шеберліктерін шыңдайды. Батыс елдерде жоғары оқу орындары жанынан ашылған емханалар үздік медициналық мекемелердің қатарына кіреді.

Хабар 24 телеарнасы