414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық көші-қон қызметінің басшысы бірнеше рет пара алғаны үшін сотталды

  • 631
  • UPD: 10:41, 30.10.2019
Қостанайлық көші-қон қызметінің басшысы бірнеше рет пара алғаны үшін сотталды syrboyi.kz

Бірнеше мәрте пара алды деген күдікпен ұсталған Қостанай қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің басшысы К.Байжановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдікті К.Байжанов шетел азаматтары Э.Манукян, И.Гребенюк, А. Егиазарян, М.Закоян және Х. Махмадова есімді азаматтардан жалпы қамқорлығы үшін 3 млн 10 мың теңге сомасында жүйелі негізде пара алған.

«К.Байжановқа Г. Кравчук жәрдем берген. Күдікті шетел азаматтарын елде тұруға ықтиярхатты рәсімдегені үшін деген күдікке ілінді. 2019 жылдың 29 қазанындағы Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Байжановқа 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу және арнайы атақ-шен алу құқығынан өмір бойына айырылды», – делінген ведомствоның ақпаратында.

Осы үкіммен Кравчук 4 жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара берушілер Манукян, Гребенюк, Егиазарян, Закоян және Махмадовқа берген параның он еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Хабар 24 телеарнасы