384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия кәсіпкерлері МЖӘ аясында елімізде тоғыз аурухана салады

  • 275
  • UPD: 22:17, 30.10.2019

Түркияда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі ірі инвесторлар үшін анағұрлым пайдалы салымға айналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде елде бұл жүйе бойынша құны 140 миллиард долларлық 240-тан астам жоба жүзеге асқан. Соның ішінде денсаулық сақтау саласына тиесілі кешендер бар. Соңғы 2 жылда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі бойынша 8 мың  орындық 8 аурухана іске қосылған. Түркия кәсіпкерлері дәл осы тәжірибе арқылы алдағы уақытта елімізде 9 аурухана құрылысын жүргізуді көздеп отыр. Қазір бұл типті ауруханалар Түркістан мен Петропавл қалаларында салынатын болды. Айта кеткен жөн, Түркияның 2010-2023 жылдарға арналған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік госпитальдық бағдарламасы 32 ірі көпбейінді аурухана салуды қамтиды. Бағдарлама халықаралық қаржы институттарының қолдауымен іске асырылып отыр.

Хусейн Арслан, Түрік компаниясының басқарма төрағасы:

– Қазақстанда 1200 орындық көпбейінді медициналық орталық пен аурухана құрылысын бастадық. Оның бірі Түркістан қаласында салынса, екіншісі Петропавлда іске қосылмақ. Жұмысын 2022 жылы бастайтын қос медициналық нысанға шамамен 50 млрд теңге жұмсалады. Ауруханаларда онкологиялық, кардиологиялық бөлімдер, сондай-ақ, перинатальді орталық ашуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы