384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде темір жолды жөндеуге бөлінген қыруар қаржы қолды болды

  • 239
  • UPD: 13:38, 30.10.2019
Ақтөбеде темір жолды жөндеуге бөлінген қыруар қаржы қолды болды

Ақтөбе облысында теміржолды жөндеуге бөлінген 45 миллион теңге жымқырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаражат байланыс торабы бойында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де қарастырылған көрінеді. Қылмыс өңірдегі экономикалық тергеу департаменті мен көлік прокуратурасы жүргізген тексеру кезінде әшкере болды. Нәтижесінде «Ақтөбелік орман өсіруді қорғау дистанциясы» басшылары мен өзге де жауапты тұлғаларға қатысты іс қозғалған. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша шойын жолда дер кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізбеу салдарынан апатты жағдайдың орын алуы әбден мүмкін.

Артур Хайрутдинов, облыстық экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі:

– Аталған қылмыстық іс аясында экономикалық тергеу департаментінің жедел тергеу тобымен Ақтөбе магистральдік желісі бөлімінде, Ақтөбелік орман өсірудің қорғау дистанциясында және де Ақтөбе, Қандыағаш, Шалқар, Бершігүр, Никельтау өрт сөндіру бөлімдерінде Ақтөбе облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында тінту шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта жедел іздестіру іс-шаралары жалғастырылуда.

Хабар 24 телеарнасы