384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр

  • 210
  • UPD: 14:17, 30.10.2019

Жыл басынан бері Алматы облысындағы 100 мыңға жуық жүргізуші жол ережесін бұзған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың 1 мың 800-і рөлге мас күйінде отырып, көлік қақтығысына себепкер болыпты. Салдарынан 200-ден аса адам дене жарақатын алса, 6-уы қайтыс болды. Жол көлік апаттарын азайту мақсатында өңірде «Қауіпсіз жол» атты алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының назарына бірінші болып көк түсті көлік иесі ілікті. Ол темір тұлпарының терезесін арнайы пердемен тұмшалап алыпты. Қауіпсіздік ережесін ескермеген жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды. Ал, мына  кісі тоқтауға тыйым салынған жерге автомобилін қойған.

Ержан Ризабек, жүргізуші:

– Көмірді біле салайын деп қоя салғанмын. Жаңа кірдім. Мына белгіні байқамаппын. Көрсем қоймас едім.

Полицейлер бір аптаның ішінде жол ережесін бұзған 4,5 мың адамды жауапкершілікке тартты. Жүргізушілердің дені жылдамдықты шамадан тыс асырып, қауіпсіздік белбеуін тақпаған екен. Рөлде келе жатып телефонмен сөйлескендер де кездескен. 

Бағлан Жанәбілов, облыстық ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Алматы облысы аумағында 1700 жол көлік оқиғасы орын алды. Соның салдарынан 374 адам қаза тауып, 2422 адам әр түрлі дене жарақатын алған. Былтырмен салыстырғанда жол көлік оқиғалары 10 пайызға жуық көбейген.

Жыл басынан бері өңірде осындай 13 рейд ұйымдастырылды. Одан бөлек, жол апаты жиі болатын жерлерге арнайы белгілер орнатылған.

Еркебұлан Ахметов, облыстық ПД ӘПБ аға инспекторы:

– Жыл басынан бері берілген нұсқамаларға сәйкес 600 ден астам жол белгілері қойылды. Және де Талдықорған қаласында жаяу жүргіншілер өтпелінің 20 жарықтандырылды.

Сала мамандарының сараптауы бойынша жол көлік оқиғаларының көбі жылдамдықты арттырудан болады екен. Сондықтан әрбір жүргізуші көлігін тізгіндегенде өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне жауапты екенін естен шығармауы тиіс. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов.

Хабар 24 телеарнасы